VK WorkSpace SaaS logo

«VK WorkSpace» Платформасы Сервистерінің құпиялылық саясаты

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Құпиялылық саясатының (бұдан әрі – «Саясат») реттеу нысаны «ВК Тех Казахстан» ЖШС (БСН 220840001616, орналасқан жері: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық д-лы, 38 үй, «Ken Dala» БО), бұдан әрі «Компания», Интернет желісінде vkworkspace.kz мекенжайы бойынша орналасқан «VK WorkSpace» Платформасының Сервистеріне (бұдан әрі – «Сервистер», ал жеке алғанда – «Сервис») қарапайым (айрықша емес) лицензия беретін, және сіздің, бұдан әрі – «Пайдаланушы», араңыздағы Сервистерді пайдалану барысында ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді және өзге де деректерді өңдеуге қатысты қатынастар болып табылады, егер сіз Сервистерге vkworkspace.kz сайты арқылы қолжетімділік алсаңыз (бұдан әрі – «Ақпарат»).

1.2. Ақпаратты өңдеуге байланысты қатынастар, оның ішінде Сервистерді пайдаланушылар туралы ақпаратты жинау, пайдалану, сақтау, тарату және қорғау, бірақ олармен шектелмей, осы Саясатпен, vkworkspace.kz/docs/saas/legal/workspace-terms мекенжайы бойынша қолжетімді «VK WorkSpace» платформасын пайдалану шарттарымен (бұдан әрі – «Платформа»), vkworkspace.kz/docs/saas/legal/license-agreement мекенжайы бойынша қолжетімді Сервистерді пайдалануға арналған Лицензиялық келісіммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен (бұдан әрі – «Қолданылатын ережелер») реттеледі. Сервистерді пайдалануды бастамас бұрын Пайдаланушы осы Саясаттың шарттарымен, сондай-ақ Қолданылатын ережелердің шарттарымен танысуға міндетті.

1.3. Тіркелу, әрбір қолжетімділік және/немесе кез келген Сервисті нақты пайдалану кезінде Пайдаланушы осы Саясаттың осындай Сервистерді нақты пайдалану сәтінде қолданыстағы редакциясының шарттарымен келіседі.

Осы Саясатта анықтамасы берілмеген терминдер Платформаны пайдалану шарттарына, Лицензиялық келісімге немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне сәйкес анықталады.

2. Компанияның Платформаға және Сервистерге қолжетімділік беру кезінде деректерді өңдеуі

2.1. Осы Саясаттың шарттарын қабылдай отырып, сондай-ақ Платформаны және/немесе кез келген Сервисті пайдалана отырып, Пайдаланушылар мынадай Ақпаратты өңдеуге қабылдайды және келіседі, ол Компанияға аталған тұлғалардың Платформаны пайдалану барысында оның Сервистерінің әрқайсысының функционалдық қажеттілігіне байланысты қолжетімді болады және мыналарды қамтиды:

2.1.1. Есептік деректер, олар деп мыналар түсініледі:

(а) Платформада тіркелу барысында есептік жазба жасау үшін ұсынылатын Пайдаланушы туралы деректер, оның ішінде: аты, тегі, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, жұмыс беруші компанияның атауы. Платформада тіркелу Платформада есептік жазба жасау арқылы мүмкін болады.

(б) Компанияның Пайдаланушы алдындағы тиісті Сервисті ұсыну туралы келісімнен туындайтын міндеттемелерін орындау мақсатында Компанияның сұрауы бойынша Пайдаланушы қосымша ұсынатын деректер.

Компания алған Есептік деректер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларды дербес деректерге жатқызу үшін қажетті және жеткілікті көлемде Компанияда осы Саясаттың шарттарымен дербес деректер ретінде өңделеді.

2.1.2. Белгілі бір Сервистің жұмыс істеуі үшін қажетті өзге де деректер, атап айтқанда:

(а) техникалық құралдар (құрылғылар) туралы, Сервиспен технологиялық өзара іс-қимыл туралы деректер (оның ішінде хосттың IP-мекенжайы, Пайдаланушының операциялық жүйесінің түрі, браузер түрі, географиялық орны, Интернет қызметін ұсынушы);

(б) Сервиске қолжетімділік кезінде бетбелгілер (cookies) пайдаланыла отырып автоматты түрде алынатын ақпарат;

(в) пайдаланушылар Сервисте есептік жазбаны өңдеу бөлімінен тыс жасайтын ақпарат (егер қолданылса);

(г) Пайдаланушының Сервистегі әрекеттерінің нәтижесінде алынған ақпарат, атап айтқанда қандай да бір контентті қосу туралы ақпарат (егер қолданылса);

(д) басқа Пайдаланушылардың Сервистегі әрекеттерінің нәтижесінде алынған ақпарат (егер қолданылса);

(е) интернет-сервистерді пайдалану туралы жалпыланған аналитикалық ақпарат.

2.1.3. Сервистердің функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде Платформа Пайдаланушысының Сервистердің түпкілікті пайдаланушылары (бұдан әрі – Түпкілікті пайдаланушылар) туралы мынадай ақпаратты енгізуге мүмкіндігі бар: тегі, аты; әкесінің аты; туған күні; лауазымы; позициясы (қызметкер/басшы); бөлім; телефоны; ұялы телефоны; жеке поштасы, орналасқан жері. Платформа Пайдаланушысы Түпкілікті пайдаланушылардың деректерін жинауды, нақтылауды, өзгертуді, жоюды және өзге де операцияларды дербес жүзеге асырады және аталған әрекеттерді жүзеге асырудың заңдылығы үшін түпкілікті Пайдаланушының алдында жауапты болады. Егер Саясаттың жекелеген ережелерінде өзгеше тікелей көзделмесе, Компания Түпкілікті пайдаланушылар туралы аталған ақпаратты өңдемейді, Платформа Пайдаланушысының аталған ақпаратты жинауына, өзгертуіне немесе жоюына бастамашылық жасамайды және оған әсер етпейді.

2.1.4. Белгілі бір Сервиске қатысты Пайдаланушы туралы өңделетін Есептік деректер мен Өзге де деректердің егжей-тегжейлі тізімі төменде келтірілген:

Жиналатын ақпарат
Өңдеу мақсаты
«VK WorkMail» Сервисі
Есептік деректер, атап айтқанда: 1) Пайдаланушының Сервисте тіркелу барысында есептік жазба жасау үшін ұсынатын, осы Саясаттың 2.1.1-тармағында көрсетілген Пайдаланушы туралы деректер
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, есептік жазбаға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы сұраумен жүгінген өтініш берушіге есептік жазбаның тиесілілігін растау, сервисті басқару және әкімшілендіру үшін және т.б.
Өзге де деректер, атап айтқанда: 2) Пайдаланушының Сервисті пайдалану кезіндегі белсенділігі туралы ақпарат, атап айтқанда Сервис интерфейсі шеңберіндегі басулар мен ауысулар; 3) Пайдаланушы Сервисті пайдалану барысында Компанияға қолжетімді болатын деректер (ip-мекенжай, Пайдаланушының браузері туралы мәліметтер (оның ішінде интерфейс тілі, экран өлшемдері, cookies файлдары туралы ақпарат (қосылған/өшірілген), cookies файлдарындағы ақпарат, браузердің User Agent және т.б.), Пайдаланушының дербес құрылғысы экранының өлшемдері мен қолдайтын түстері, уақыт белдеуі, жүйе тілі, операциялық жүйе туралы мәліметтер, Пайдаланушы құрылғысының кейбір технологиялар мен протоколдарды (Retina, WebSocket, HTTP2) қолдауы, Пайдаланушы құрылғысында бірқатар бағдарламалардың болуы/болмауы.
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, ішкі бақылау, Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсарту, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алу және жою, Пайдаланушыны Сервистегі өзгерістер туралы хабардар ету және Сервисті пайдалануды дербестендіру қажет болған жағдайларда.
«VK WorkDisk» Сервисі
Есептік деректер, атап айтқанда: 1) Пайдаланушының Сервисте тіркелу барысында есептік жазба жасау үшін ұсынатын, осы Саясаттың 2.1.1-тармағында көрсетілген Пайдаланушы туралы деректер
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, есептік жазбаға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы сұраумен жүгінген өтініш берушіге есептік жазбаның тиесілілігін растау, сервисті басқару және әкімшілендіру үшін және т.б.
2) Пайдаланушыға байланысты өзге де деректер, Пайдаланушының Сервиспен өзара іс-қимылы барысында Компанияға қолжетімді болатын деректер, оның ішінде мынадай деректерді қамтиды: (ip-мекенжай, Пайдаланушының браузері туралы мәліметтер (оның ішінде интерфейс тілі, экран өлшемдері, cookies файлдары туралы ақпарат (қосылған/өшірілген), cookies файлдарындағы ақпарат, браузердің User Agent және т.б.), Пайдаланушының дербес құрылғысы экранының өлшемдері мен қолдайтын түстері, уақыт белдеуі, жүйе тілі, операциялық жүйе туралы мәліметтер, Пайдаланушы құрылғысының кейбір технологиялар мен протоколдарды (Retina, WebSocket, HTTP2) қолдауы, Пайдаланушы құрылғысында бірқатар бағдарламалардың болуы/болмауы. Пайдаланушының Сервисті пайдалану кезіндегі белсенділігі туралы ақпарат, атап айтқанда Сервис интерфейсі шеңберіндегі басулар мен ауысулар.
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, ішкі бақылау, Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсарту, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алу және жою, Пайдаланушыны Сервистегі өзгерістер туралы хабардар ету және Сервисті пайдалануды дербестендіру қажет болған жағдайларда.
«VK Teams» Сервисі
Сервистің барлық платформалары үшін жалпы жиналатын ақпарат
Есептік деректер, атап айтқанда: 1) Пайдаланушының Сервисте тіркелу барысында есептік жазба жасау үшін ұсынатын, осы Саясаттың 2.1.1-тармағында көрсетілген Пайдаланушы туралы деректер
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, есептік жазбаға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы сұраумен жүгінген өтініш берушіге есептік жазбаның тиесілілігін растау, сервисті басқару және әкімшілендіру үшін және т.б.
«VK Teams» веб-нұсқасы
Өзге де деректер, атап айтқанда: 2) Пайдаланушы Сервисті пайдалану барысында Компанияға қолжетімді болатын деректер, оның ішінде ip-мекенжай, Пайдаланушының браузері туралы мәліметтер (оның ішінде интерфейс тілі, экран өлшемдері, браузердің User Agent және т.б.), уақыт белдеуі, жүйе тілі, операциялық жүйе туралы мәліметтер және т.б. 3) cookies файлдары туралы ақпарат.
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, ішкі бақылау, Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсарту, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алу және жою, Пайдаланушыны Сервистегі өзгерістер туралы хабардар ету және Сервисті пайдалануды дербестендіру қажет болған жағдайларда.
Android және iOS үшін «VK Teams» қосымшасы
Өзге де деректер, атап айтқанда: 4) Пайдаланушы Қосымшаны пайдалану барысында Компанияға қолжетімді болатын деректер, оның ішінде құрылғы түрі, құрылғы атауы, OpenUDID, IDFA, GAID, Apps Flyer UID, ОС нұсқасы, құрылғы моделі, ұялы құрылғының шығарылған жылы, уақыт белдеуі, қалаулы тіл, гео, Device ID ForVendor, Wi-Fi желісінің атауы, Wi-Fi қолжетімділік нүктесінің MAC, ұялы байланыс операторының атауы, оператор желісінің коды (MNC), ОС атауы, интернет қосылысының түрі, экран рұқсаты және т.б.
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсарту, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алу және жою және Сервисті пайдалануды дербестендіру үшін.
Windows, macOS, Ubuntu үшін «VK Teams» десктоп-қосымшалары
Өзге де деректер, атап айтқанда: 5) Пайдаланушы Қосымшаны пайдалану барысында Компанияға қолжетімді болатын деректер, оның ішінде IP, MAC мекенжайлары, CPU id, RAM көлемі, құрылғының сериялық нөмірі, ОС нұсқасы, пайдаланылатын файлдық жүйе туралы ақпарат, audio video құрылғылар тізімі (mic, cam, speakers), уақыт белдеуі, қалаулы тіл, экран рұқсаты және т.б.
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсарту, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алу және жою және Сервисті пайдалануды дербестендіру үшін.
«VK WorkSpace» тақтасы» Сервисі
Есептік деректер, атап айтқанда: 1) Пайдаланушының Сервисте тіркелу барысында есептік жазба жасау үшін ұсынатын, осы Саясаттың 2.1.1-тармағында көрсетілген Пайдаланушы туралы деректер
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, есептік жазбаға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы сұраумен жүгінген өтініш берушіге есептік жазбаның тиесілілігін растау, сервисті басқару және әкімшілендіру үшін және т.б.
Өзге де деректер, атап айтқанда: 1) Пайдаланушы Сервисте Есептік жазбаны өңдеу және/немесе толықтыру кезінде ұсынатын қосымша дербес деректер; 2) Пайдаланушының Сервисті пайдалану кезіндегі белсенділігі туралы ақпарат, атап айтқанда Сервис интерфейсі шеңберіндегі басулар мен ауысулар; 3) Пайдаланушы Сервисті пайдалану барысында Компанияға қолжетімді болатын деректер (ip-мекенжай, Пайдаланушының браузері туралы мәліметтер (оның ішінде интерфейс тілі, экран өлшемдері, браузердің User Agent және т.б.), уақыт белдеуі, жүйе тілі, операциялық жүйе туралы мәліметтер; cookies файлдары туралы ақпарат.
Пайдаланушымен Сервисті ұсыну туралы келісімді орындау. Атап айтқанда, коммуникацияны жүзеге асыру, Сервисті басқару және әкімшілендіру, ішкі бақылау, Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсарту, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алу және жою, Пайдаланушыны Сервистегі өзгерістер туралы хабардар ету және Сервисті пайдалануды дербестендіру мақсаттарында.

2.2. Жекелеген Сервистердің функционалымен және пайдалану ережелерімен Пайдаланушыға осы Саясаттың 2.1-тармағында көрсетілгеннен басқа, егер ол қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келмесе, Сервистерде кез келген өзге де ақпаратты орналастыру мүмкіндігі (егер қолданылса) берілуі мүмкін. Пайдаланушы мұндай ақпараттың Сервистің қолданыстағы функционалын ескере отырып, тиісті Сервистің басқа Пайдаланушыларына және/немесе Интернет желісінің басқа пайдаланушыларына қолжетімді болуы мүмкіндігімен келіседі.

2.3. Егер пайдаланылатын Сервистің функционалдық мүмкіндіктері Пайдаланушы туралы ақпаратты оның Есептік жазбасында көрсетуге мүмкіндік берсе, ол осындай Сервистің басқа Пайдаланушыларына немесе Интернет желісінің пайдаланушыларына қарауға қолжетімді болса, Пайдаланушы өзі туралы ақпараттың оның Есептік жазбасында көрсетілуіне келіседі. Пайдаланушы Ақпараттың, оның ішінде Есептік және Өзге де деректердің, сондай-ақ өзге де ақпараттың тиісті Сервистің басқа Пайдаланушыларына және/немесе Интернет желісінің басқа пайдаланушыларына Сервистің қолданыстағы функционалын (оны Компания уақыт өте өзгертуі мүмкін) ескере отырып қолжетімді болуы мүмкіндігімен келіседі.

2.4. Компания Пайдаланушы ұсынған Есептік деректерді тексермейді және олардың анықтығы туралы, сондай-ақ Пайдаланушының Есептік деректерді ұсыну үшін жеткілікті құқық қабілеттілігіне ие екендігі туралы пайымдай алмайды. Соған қарамастан Компания Пайдаланушы анық және жеткілікті Есептік деректерді ұсынады, сондай-ақ оларды уақтылы жаңартады деп негіздейді. Тиісті Сервисте тіркеле отырып немесе оған тіркелусіз қолжетімділік ала отырып, Пайдаланушы қолданылатын заңнамаға сәйкес осындай Сервисті пайдаланудың рұқсат етілген жасына жеткенін растайды.

3. Ақпаратты өңдеу шарттары

3.1. Пайдаланушылар туралы Ақпаратты өңдеу Компаниямен мынадай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады:

3.1.1. Ақпаратты өңдеу мақсаттары мен тәсілдерінің заңдылығы;

3.1.2. Компанияның адалдығы;

3.1.3. Ақпаратты өңдеу мақсаттарының оны жинау кезінде алдын ала айқындалған және мәлімделген мақсаттарға, сондай-ақ Компанияның өкілеттіктеріне сәйкестігі;

3.1.4. Өңделетін Ақпараттың көлемі мен сипатының, оны өңдеу тәсілдерінің Ақпаратты өңдеу мақсаттарына сәйкестігі;

3.1.5. Пайдаланушылардың Ақпаратын қамтитын, бір-бірімен үйлеспейтін мақсаттар үшін жасалған дерекқорларды біріктіруге жол берілмеуі.

3.2. Ақпаратты өңдеу мақсаттары

Компания Есептік деректерді (оның ішінде дербес деректерді) және Сервистер Пайдаланушыларының Өзге де деректерін Пайдаланушылармен жасалған Сервистерге арналған Лицензиялық келісімді орындау мақсаттарында өңдеуді жүзеге асырады.

3.3. Ақпаратты жинау

Пайдаланушының Есептік деректерін жинау оның тиісті Сервисте тіркелуі кезінде Пайдаланушының тіркелу нысанын толтыруы арқылы, сондай-ақ бұдан әрі Пайдаланушы бұрын ұсынылған ақпаратты өңдеуі кезінде немесе өз бастамасымен Есептік деректерді (егер қолданылса) тиісті Сервистің құралдарының көмегімен толықтыруы кезінде жүзеге асырылады.

Өзге де деректерді жинауды Компания Пайдаланушының Сервисті пайдалану барысында жүзеге асырады. Бірқатар жағдайларда Пайдаланушының Өзге де деректерін жинау Пайдаланушының Сервиске қолжетімділік алған сәтінен бастап (мысалы, интернет-бетті жүктеу немесе қосымшаны іске қосу кезінде) оның тиісті Сервисте тіркелу сәтіне дейін басталады.

3.4. Ақпаратты өңдеу және беру

3.4.1. Пайдаланушылардың Есептік және Өзге де деректері осы Саясатта, өзге де Қолданылатын ережелерде, сондай-ақ қолданылатын заңнамада тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қандай да бір үшінші тұлғаларға берілмейді. Атап айтқанда, Пайдаланушылардың Есептік және Өзге де деректері мемлекеттік органдардың (жергілікті өзін-өзі басқару органдарының) сұрауы бойынша қолданылатын заңнамада көзделген тәртіппен берілуі мүмкін.

Сапалы, көпфункционалды, пайдалануға қолайлы және Сервистер Пайдаланушыларының дербес қажеттіліктері мен мүдделеріне бағдарланған қызметтерді ұсыну мақсатында Компания Сервистердің ағымдағы функционалын дамытады, жетілдіреді, оңтайландырады және жаңасын енгізеді (ақпараттық, коммуникациялық, жарнамалық, білім беру, ойын-сауық және өзге де сипаттағы), оның ішінде аффилиирленген тұлғалардың және/немесе серіктестердің қатысуымен.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, сондай-ақ Компанияның осы Саясаттың 3.2-тармағында көрсетілген өңдеу мақсаттарын сақтауын ескере отырып, Пайдаланушы Компанияға жүзеге асыруға, сондай-ақ аффилиирленген тұлғаларға және серіктестерге Пайдаланушының Есептік және Өзге де деректерін өңдеуді, оның ішінде жинауды, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту, толықтыру), салыстыру, алу, тарату (беру), пайдалану, блоктау, жою және жоюды тапсыруға келіседі және аффилиирленген тұлғаларға және серіктестерге олардың қарамағындағы және жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін қажетті деректерді өңдеуді (көрсетілген тәсілдермен) жүзеге асыруды, оның ішінде оларды автоматтандырылған өңдеу нәтижелерін, оның ішінде бүтін сандық және/немесе мәтіндік мәндер мен идентификаторлар түрінде тапсыруға, Компанияның Есептік және Өзге де деректерді аффилиирленген тұлғаларға және/немесе серіктестерге өңдеуге тапсыруды орындау үшін беруімен, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан және/немесе серіктестерден Пайдаланушының Есептік және Өзге де деректерін, сондай-ақ жоғарыда аталған тапсырманы орындау нәтижесінде аффилиирленген тұлғалар мен серіктестерден алынған деректерді жинауды (алуды) және бірлесіп өңдеуді жүзеге асыруымен келіседі.

Осы Саясаттың осы тармағына қатысты аффилиирленген тұлғалар және серіктестер деп Компанияның Пайдаланушылар алдындағы шарттық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін тұлғалар және/немесе Пайдаланушыларға дербес қызметтер көрсететін және Компаниямен жасалған келісімдерді іске асыру мақсатында Пайдаланушылардың деректерін өңдеудің заңды негіздерін қамтамасыз ететін тұлғалар түсініледі.

3.4.2. Пайдаланушымен Сервистерді ұсыну туралы келісімді орындау мақсатында Компания Пайдаланушылардың Есептік және Өзге де деректерін өңдеуді осы Саясаттың 3.4.1-тармағында көзделген көлемде және тәсілдермен Сервистердің құқық иесіне – «ВК Цифровые Технологии» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ОГРН 5177746017158, орналасқан жері: Ресей, 125167, Мәскеу қ., Ленинградский проспектісі 39 үй, 79 құрылыс, 17 қабат) (бұдан әрі – «Өңдеуші») тапсыруға құқылы.

Өз кезегінде, Өңдеуші Пайдаланушының Есептік және Өзге де деректерін «ВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ОГРН: 1027739850962, орналасқан жері: 125167, Мәскеу қ., Ленинградский проспектісі, 39 үй, 79 құрылыс) Сервистерді пайдалану шеңберінде Пайдаланушыға техникалық (пайдаланушылық) қолдау көрсету мақсатында оларды қосымша өңдеу үшін беруге құқылы.

Өңдеуші сондай-ақ «ВК» ЖШС-не Пайдаланушының Есептік және Өзге де деректерін осы Саясатта көрсетілген көлемде өңдеуді, оның ішінде оларды Пайдаланушы пайдаланатын «ВК» ЖШС сервисінің (сервистерінің) құпиялылық саясатында (саясаттарында) көрсетілген көлемде «ВК» ЖШС қарамағындағы Пайдаланушы туралы деректермен бірлесіп өңдеуді Компания ұсынатын қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда: Пайдаланушының мүдделеріне сай келетін ақпаратты көрсету арқылы Пайдаланушының мүдделерін қанағаттандыру, дәл жарнаманы мақсаттау (оның мүдделеріне сай келетін ақпаратты көрсету), жалпыланған статистикалық/аналитикалық ақпаратты қалыптастыру үшін тапсыруға құқылы.

3.4.3. Лицензиат осымен дербес деректерді мынадай көлемде: ТАӘ, компанияның атауы, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, Компаниямен Сервистерді пайдалану құқықтарын беруге тиісті шарт жасалған серіктестеріне («МОНТ-ТРЕЙД» ЖШС (БСН 071040008753), «BITCOM SOFTWARE» ЖШС (БСН 100540017200), «Digital Flow» ЖШС (БСН 181040020705)) (бұдан әрі – «Серіктестер») Лицензиатпен келіссөздер жүргізу және одан кейін Лицензиатпен Сервистің Кеңейтілген функционалын (бұл термин Лицензиялық келісімде айқындалған) пайдалану құқығын беруге арналған шарт жасасу мақсатында беруге келісім білдіреді.

3.4.4. Бірқатар жағдайларда Сервистердің жекелеген функционалдық мүмкіндіктері Компаниямен емес, Компаниядан тәуелсіз әрекет ететін және Компанияның атынан немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет етпейтін үшінші тұлғалармен ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда Пайдаланушылар Сервистердің тиісті функционалдық мүмкіндіктерін пайдалануды бастамас бұрын осындай үшінші тұлғалардың қызметтерді көрсету ережелерімен және ақпаратты/дербес деректерді қорғау саясатымен дербес танысуға міндетті.

Компания Пайдаланушыға Есептік деректерді арнайы технологиялар арқылы үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігін, Пайдаланушының осындай беруге келісімі болған жағдайда беруге құқылы. Бұл ретте Компания Пайдаланушыға Есептік деректерді берудің толықтығы мен дұрыстығына кепілдік бермейді және беру барысында деректердің сақталуы үшін жауапты болмайды.

Пайдаланушылардың Есептік және Өзге де деректерін Компанияның рұқсатынсыз, оның ішінде коммерциялық мақсаттарда алуға және пайдалануға жол берілмейді.

3.4.1. Түпкілікті пайдаланушылардың деректерін өңдеу

3.4.1.1. Пайдаланушы осымен Компанияға Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректерін, атап айтқанда: Түпкілікті пайдаланушының электрондық пошта мекенжайын, тек Сервисті ұсыну туралы келісімнің шарттарын орындау мақсатында, атап айтқанда: Сервистің жұмыс істеуіне байланысты хабарламаларды жіберу (оның ішінде қарсы алу хабарламалары, техникалық хабарламалар, ақаулықтар туралы ақпарат, қолданыстағы тариф шеңберінде қолжетімді Сервистің жаңа мүмкіндіктері туралы хабарламалар және т.б. қамтиды, бірақ олармен шектелмей); ұсынылатын Сервистің сапасын қолдау және жақсарту үшін қажетті сервистік хабарламаларды жіберу, Түпкілікті пайдаланушылар арасында Пайдаланушыға ұсынылған Сервистің жұмысы мен мазмұнын жақсартуға, Сервисті пайдалану кезінде туындауы мүмкін кез келген қателердің алдын алуға және жоюға бағытталған сауалнамалар мен зерттеулер жүргізу мақсатында ғана өңдеуді тапсырады.

Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректерімен жасалатын әрекеттердің тізімі: дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, жою, жою.

3.4.1.2. Компанияға Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуді тапсыра отырып, Пайдаланушы:

  • осы Саясаттың осы тармағында көзделген мақсаттарда, көлемде және мерзімдерде Компанияның оларды өңдеуі үшін қолданылатын заңнамаға сәйкес жеткілікті дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздерінің болуын қамтамасыз етуге;
  • Саясат шеңберінде Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуге және қорғауға қатысты бақылаушы мемлекеттік органдардың сұрауларына дербес жауап беруге міндеттенеді.

3.4.1.3. Компания Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Пайдаланушының тапсырмасы бойынша өңдеуді жүзеге асыруға міндеттенеді. Компания қолданыстағы заңнамада көзделген дербес деректерді өңдеу қағидаттары мен ережелерін сақтауға міндеттенеді.

3.4.1.4. Компания Пайдаланушының алдында тапсырманы орындау үшін, оның ішінде Пайдаланушының тапсырмасы негізінде өңделетін Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректеріне қолжетімділік алған өз қызметкерлерінің осындай дербес деректердің жариялануына әкеп соққан әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін жауапты болады. Компанияның тапсырманы орындау кезінде дербес деректер субъектісінің алдында жүзеге асыратын әрекеттері үшін, сондай-ақ Компанияның Түпкілікті пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуінің құқықтық негіздерінің болуын қамтамасыз ету үшін оператор (Пайдаланушы) жауапты болады;

3.4.1.5. Компания Пайдаланушыға дербес деректерді қорғау үшін қажетті шаралардың, оның ішінде оларға заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жоюдан, өзгертуден, блоктаудан, көшіруден, ұсынудан, таратудан, сондай-ақ дербес деректерге қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден сақталуын қамтамасыз етеді.

3.5. Деректерді трансшекаралық беру

Пайдаланушы Компанияның ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес осы Саясатта көзделген мақсаттар үшін қажетті көлемде трансшекаралық беруді, оның ішінде Сервистердің құқық иесіне («ВК Цифровые Технологии» ЖШҚ), сондай-ақ Google Analytics веб-аналитика сервисінің иесі болып табылатын компанияға жүзеге асыра алатынымен келіседі.

Дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беру осы мемлекеттер дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

3.6. Ақпаратты сақтау

Пайдаланушылардың Есептік және Өзге де деректерін сақтауды Компания Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дерекқорда жүзеге асырады. Есептік және Өзге де деректер оларды өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін сақталады.

3.7. Ақпаратты сақтау мерзімдері

Есептік және Өзге де деректерді Компания Пайдаланушы мен Компания арасындағы Сервистерді пайдалану туралы Лицензиялық келісімнің қолданылу мерзімі ішінде, ал осындай келісімнің қолданысы тоқтатылғаннан кейін – қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзім ішінде сақтайды.

3.8. Ақпаратты өңдеуді тоқтату

Ақпаратты өңдеу мақсаттарына қол жеткізілген кезде Компания Есептік және Өзге де деректерді өңдеуді қолданыстағы заңнамада көзделген тәсілдердің бірімен тоқтатады, Ақпаратты өңдеу қолданыстағы заңнаманың талабын сақтау үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда.

4. Пайдаланушылардың олардың Ақпаратын өңдеу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

Пайдаланушылар:

4.1. тиісті Сервисте Пайдаланушының Есептік жазбасын қарау арқылы өзі туралы ақпаратқа тегін қолжетімділік алуға;

4.2. Сервистің құралдарының көмегімен өзі туралы ақпаратқа қатысты қалаған құпиялылық деңгейін (ақпаратқа қолжетімділік шарттарын) тиісті Сервистің функционалын ескере отырып белгілеуге (егер қолданылса);

4.3. өзі туралы ақпаратқа өзгерістер мен түзетулерді Пайдаланушының Есептік жазбасындағы ақпаратты өңдеу арқылы дербес енгізуге, осындай өзгерістер мен түзетулер өзекті және анық ақпаратты қамтитін жағдайда;

4.4. өзі туралы ақпаратты тиісті Сервистің Есептік жазбасындағы ақпаратты өңдеу арқылы жоюға (егер қолданылса); бұл ретте Пайдаланушының кейбір Сервистерде өзі туралы белгілі бір ақпаратты Есептік жазбасынан жоюы Пайдаланушыға осы Сервистерге қолжетімділік беру мүмкін болмауына әкелуі мүмкін.

4.5. Компаниядан Пайдаланушы туралы ақпаратты нақтылауды, оны блоктауды немесе жоюды талап етуге, егер мұндай ақпарат толық емес, ескірген, анық емес, негізсіз алынған немесе өңдеудің мәлімделген мақсаты үшін қажет болмаса және егер Сервистің функционалы Пайдаланушыға мұндай ақпаратты дербес жоюға мүмкіндік бермесе;

4.6. сұрау негізінде Компаниядан Пайдаланушы туралы ақпаратты өңдеуге қатысты ақпаратты алуға.

4.7. осы Саясаттың 7-бөлімінде көзделген тәртіппен Компанияға тиісті сұрау жіберу арқылы дербес деректерді өңдеуден бас тартуға құқылы.

5. Ақпаратты қорғау жөніндегі шаралар

5.1. Компания Пайдаланушылар туралы ақпаратты оларға заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділіктен, жоюдан, өзгертуден, блоктаудан, көшіруден, таратудан, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық шараларды қабылдайды.

5.2. Қауіпсіздіктің техникалық шаралары Компаниямен қолданылатын заңнаманың талаптарын, техниканың заманауи деңгейін, өңделетін ақпараттың сипатын және оны өңдеуге байланысты тәуекелдерді ескере отырып іске асырылған.

Ақпарат негізінен Компания қызметкерлерінің және/немесе мердігерлерінің оған қолжетімділігінсіз автоматты түрде өңделеді. Егер мұндай қолжетімділік Компания қызметкерлеріне немесе мердігерлеріне берілсе, онда тек осындай тұлғалардың өз қызметтік міндеттерін немесе Компаниямен шарт бойынша міндеттерін орындауы үшін қажетті көлемде ғана беріледі, бұл ретте осындай тұлғаларға Ақпаратқа қолжетімділікті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау міндеті жүктеледі. Деректерді қорғау және құпиялылығын қамтамасыз ету үшін барлық қызметкерлер/мердігерлер ақпаратты өңдеуге қатысты ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтайды. Аталған тұлғалар сондай-ақ қолданылатын заңнамада көзделген және Пайдаланушылар туралы ақпаратты қорғау үшін қажетті барлық техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын сақтайды.

6. Компанияның жауапкершілігін шектеу

6.1. Компания Пайдаланушы туралы ақпараттың Сервистердің басқа Пайдаланушылары немесе Интернет желісінің басқа пайдаланушылары тарапынан жариялануы және таратылуы үшін жауапты болмайды, егер осындай тұлғалар аталған ақпаратқа Пайдаланушының тиісті Сервистің құпиялылық деңгейінің таңдаған параметрлеріне сәйкес қолжетімділік алса, не Пайдаланушы өзінің логині мен/немесе құпиясөзінің немесе авторизация үшін қажетті өзге де деректердің сақталуын бұзған жағдайда.

7. Пайдаланушылардың өтініштері

7.1. Компания өңдейтін деректер, оның ішінде Пайдаланушының тиісті Сервисті пайдалануына байланысты дербес деректері туралы мәліметтер Пайдаланушыға немесе оның өкіліне өтініш (сұрау) кезінде ұсынылады.

7.2. Сұраулар жазбаша нысанда Компанияның орналасқан жерінің мекенжайы бойынша немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де нысанда жіберіледі.

7.3. Пайдаланушы өзінің дербес деректерін өңдеуге келісімін Компанияға қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Компанияның орналасқан жері бойынша жазбаша өтініш жіберу арқылы кері қайтарып алуға құқылы.

8. Осы Саясатқа өзгерістер мен толықтырулар

8.1. Осы Саясат Компаниямен өзгертілетін саясаттың жаңа редакциясын мына мекенжай бойынша орналастыру арқылы өзгертілуі мүмкін: vkworkspace.kz/docs/saas/legal/privacy-policy. Компания енгізген Саясаттағы өзгерістер Сайтта осындай Саясаттың жаңа редакциясы орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді. Пайдаланушы осы Саясатты енгізілген өзгерістерге қатысты дербес тексеруге міндеттенеді. Пайдаланушының танысу жөніндегі әрекеттерді жүзеге асырмауы Пайдаланушының өз міндеттемелерін орындамауы және Пайдаланушының осы Келісіммен және жекелеген Сервистердің келісімдерімен белгіленген шектеулерді сақтамауы үшін негіз бола алмайды.

8.2. Пайдаланушы осы Саясатқа өзгерістер мен толықтыруларды қабылдаудан бас тартуға құқылы, бұл Пайдаланушының «VK WorkSpace» Платформасының барлық және/немесе жекелеген Сервистерін пайдаланудан және оған бұрын берілген барлық құқықтардан бас тартуын білдіреді.

8.3. Компания осы Саясаттың мәтінін ағылшын және (немесе) қазақ тілінде ұсынуға, оны Сайтта орналастыруға құқылы. Бұл ретте осы Саясаттың ағылшын, қазақ немесе орыс тіліндегі нұсқалары арасында қайшылықтар болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасының басымдығы болады.

8.4. Осы Саясат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Осы Саясатпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

2026 жылғы 22.05. редакциясы

Мақала пайдалы болды ма?